Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша енді ұйым фермерлерге аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді. Бұл бағдарлама Түркістан облысындағы жер емген шаруалардың жұмысын жақсарытып, алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдеседі. Облыс басшысы өңірде ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті зор екенін ескеріп, мұндай бағдарламалардың іке асыруға барынша қолдау көрсетіп келе жатқанын айрықша атап айтуымыз керек.
Бағдарламаның ерекшелігі және артықшылығы – ауыл шаруашылығына арналған жаңа техникаларды 9 пайызбен 84 айға, яғни, 7 жылға 10 млн. теңгеге дейін кепіл мүлкінсіз лизингке алуға мүмкіндіктің болуы. Осы бағдарлама бойынша кәсіпкерлер ауылшаруашылығы мақсатындағы және ауылшаруашылығы техникаларына қажетті жабдықтарды сатып ала алады. Мұнда алдын-ала төлем ретінде 25 пайыз инвестициялық субсидия төленеді.
Лизингке Түркістан облысында кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар, шаруа қожалықтар, жеке кәсіпкерлер және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері қол жеткізе алады.
«Ырыс» МҚҰ баспасөз қызметі