Ірі көлемде алаяқтықпен айналысқан күдікті қолға түсті

Сағыныш Сардарова 29 қаз. 2024 16:18 2008

Алматы облысында ірі көлемде алаяқтықпен айналысқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Алматы облысында полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деп күдіктелген 32 жастағы әйелді ұстады. Полицияның мәліметінше, үш миллион теңгеге залал келтірілген, Жамбыл ауданының тұрғыны қылмыстық схеманың құрбаны болған.

Алаяқтық фактісі Жамбыл ауданының полициясында тіркелді, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Күдікті несие рәсімдеуге көмек көрсетемін деген сылтаумен жәбірленуші мен оның жұбайының сенімініне кіріп, несие рәсімдеуге мүмкіндік алған. Осыдан кейін ол қолма-қол ақшамен із-түзсіз жоғалып кетті.

Осыған ұқсас жағдай Талғар ауданында да тіркелді, онда бір миллион теңге шығын келтірілді. Мұнда қаскүнем басқа схеманы қолданды, көлік ойнатты.

Қазіргі уақытта 27 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар