Freedom Inside '26

Иранның рухани көшбасшысы Хаменейді қашан жерлейді?

Иранның рухани көшбасшысы Хаменейді қашан жерлейді?
ашық дереккөзден

Ислам революциясының қаза тапқан жетекшісі, аятолла Сейед Әли Хосейни Хаменей рухын ұлықтау комитеті қоштасу рәсімі, жаназа және жерлеу шаралары қасиетті Мұхаррам айының алғашқы он күні аяқталғаннан кейін өтетінін хабарлады, деп жазады dalanews.kz.

Болжам бойынша, рәсімдер 26-28 маусым аралығында өтуі мүмкін.

Қазіргі уақытта қаралы іс-шараларға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Рәсімдерді тиісті деңгейде өткізу үшін соңғы кесте мен ұйымдастыру мәселелері бейінді мемлекеттік құрылымдар және қоғамдық ұйымдармен келісіліп жатыр.