Иран билігі АҚШ-тың «соңғы агрессиялық әрекеттеріне жауап ретінде» Кувейттің оңтүстігінде орналасқан Ahmad al-Jaber әуе базасындағы америкалық әскери нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тегеранның хабарлауынша, шабуыл әуеайлақтағы жойғыш ұшақтар орналасқан аумаққа, спутниктік байланыс жүйелеріне және АҚШ қарулы күштерінің әскери техника сақталатын қоймаларына бағытталған.
Иран тарапы Ahmad al-Jaber базасын АҚШ армиясының аймақтағы әуе операцияларын қамтамасыз ететін негізгі стратегиялық нысандардың бірі деп атады.
Әзірге АҚШ билігі бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.