Freedom Inside '26

Иран Израиль бағытына жасалған шабуыл қарқынын күшейтті

Иран Израиль бағытына жасалған шабуыл қарқынын күшейтті
видео кадры

Иран Израиль бағытына жасалған шабуыл қарқынын күшейтті., деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл әрекет Бейрут маңына жасалған әуе соққыларына жауап ретінде жүзеге асырылғаны айтылды. Өз кезегінде Израиль тарапы ұшырылған зымырандардың бір бөлігін әуеде жойғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта шабуылдың салдары мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Бұған дейін Израиль Бейрут маңындағы нысандарға әуе соққыларын жасаған еді. Бұл шабуыл АҚШ ұсынған Ливандағы бітім бастамасы жарияланғаннан кейін жасалған алғашқы соққы ретінде бағаланып отыр.

Тегеран билігі бұған дейін бірнеше рет Ливандағы атысты тоқтату режимінің сақталуы АҚШ-пен ықтимал бейбіт келісімге қол жеткізудің негізгі шарттарының бірі екенін мәлімдеген.

Сондай-ақ Иран тарапы егер бітім шарттары бұзылса, АҚШ әскери базалары мен Израиль нысандары қайтадан шабуыл нысанасына айналуы мүмкін екенін ескерткен.