Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ келісім шарттарын орындаған жағдайда, Тегеран да өз міндеттемелерін толық орындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Пезешкиан бұл туралы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Өзара түсіністік – екіжақты үдеріс. Егер америкалық тарап келісімді сақтаса, біз де өз міндеттемелерімізді орындаймыз», – деді Иран президенті.
Сонымен қатар, ол Тегеранның қауіп-қатерлерге қатысты ұстанымы ақылға қонымды шешім қабылдауға және адам қадір-қасиетін құрметтеуге негізделетінін айтты.
«Ал нақты іс-қимылға келгенде, біз еліміздің қауіпсіздігін сөзсіз қорғаймыз», – деп атап өтті Масуд Пезешкиан.