Іле Алатауында адасып кеткен екі жасөспірім табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
ТЖМ дерегіне сүйенсек, 2009 жылы туған екі қыз Букреев шыңына шығу кезінде жоғалып кеткен. Олар жеті адамнан тұратын топпен бірге тауға көтерілген, алайда "Пионер" бағытында келе жатқанда топтан қалып қойып, байланыс үзілген.
Құтқарушылар іздеу жұмыстарын түнде, қолайсыз ауа райына қарамастан жүргізген. Тауда жаңбыр жауып, қозғалыс қиындаған. Соған қарамастан қыздар табылып, олар қатты тоңып, шаршағаны анықталған. Мамандар алғашқы көмек көрсетіп, оларды қауіпсіз жерге жеткізді.
Оларға медициналық көмек қажет болмаған. Қыздар аман-есен таудан түсіріліп, жақындарына табысталды.