Іле-Алатауда Қызыл кітапқа енген сілеусін алғаш рет жаңа шатқалда тіркелді

Іле-Алатауда Қызыл кітапқа енген сілеусін алғаш рет жаңа шатқалда тіркелді
видео кадры

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар Қазақстанның Қызыл кітабына енген Түркістан сілеусінін жаңа аумақта алғаш рет тіркеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сирек кездесетін жыртқыш бұрын тұрақты түрде бақылауға алынған жерлерде ғана емес, осыған дейін мүлде кездеспеген басқа бір шатқалда да камера объективіне ілінген.

Ұлттық парк мамандары қазір фототұзақтарға түскен жазбаларды жан-жақты зерттеп жатыр. Олар кадрға қанша сілеусін түскенін анықтап, олардың қозғалыс бағыттарын бақылауды және түрдің таралу аймағының нақты шекарасын айқындауды көздеп отыр.

Мамандардың айтуынша, бұл деректер Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусінінің популяциясын қорғау мен ғылыми зерттеу жұмыстарын жетілдіруге маңызды үлес қоспақ.