ІІМ ұрланған телефон сатып алу қылмыс екенін ескертті

ІІМ ұрланған телефон сатып алу қылмыс екенін ескертті
ІІМ

Қазақстанда ұялы телефон ұрлығы мен қалта ұрлығы азайып келеді. ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері телефон ұрлығы 40 пайызға төмендеген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полиция 900-ден аса қылмысты ашып, ұрланған телефондарды иелеріне қайтарған. Сонымен қатар, 700-ден аса адам жауапқа тартылған.

Ведомство дерегінше, телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылған. Құқық қорғау органдары ұрланған техниканы сатып, өткізетін орындарды да бақылауға алған. Мәселен, Алматыда бұрын сотталған ер адам ұсталып, одан 30-дан аса ұрланған телефон тәркіленген.

ІІМ өкілдері ұрланған затты сатып алу, қайта сату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.