ІІМ Данияр Мейірханды қызметінен уақытша босатты

ІІМ Данияр Мейірханды қызметінен уақытша босатты
gov.kz

Әлеуметтік желіде Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Астанада Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханға қатысты іс қозғалғаны, сондай-ақ, оған қарасты 20 қызметкердің ұжымдық арыз жазғаны айтылған еді.

ІІМ мәліметінше, қызметкерлердің арызы белгіленген тәртіппен тіркелген.

Ведомство тексеріс жүргізіліп жатқан кезде Данияр Мейірхан қызметтік міндетін атқарудан шеттетілгенін хабарлады.

Данияр Мейірхан - полиция полковнигі. 2025 жылғы қыркүйектен бері ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетін басқарған болатын.