Шымкентте ұлттық мереке Республика күні қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында 304 отбасы қоныс тойын тойлады. Баспаналы болған жандардың қуанышында шек жоқ.
Dalanews.kz көптен күткен пәтеріне қол жеткізген Шымкент тұрғынымен тілдесті.
Бозарық шағынауданындағы үйлердің кілті табысталған рәсім Ұлттық мереке - Республика күнімен тұспа-тұс келуі де тегін емес. Баспаналы болғандар арасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері де бар.
Тұрғын үй кезегінде тұрған шымкенттіктер бұл баспаналарды Отбасы банк арқылы "2-10-20", "5-10-20" бағдарламалары негізінде несиеге рәсімдеген.

Кілт табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, баспаналы болған қуаныш иелерін құттықтады. Қала әкімінің сөзінше, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету еліміздегі басым бағыттардың бірі саналады, ал қазіргі таңда азаматтар мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолжетімді баспанаға ие болып жатыр.
"Республика күні қарсаңында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер кілттерін табыстадық. Көпқабатты үйлер "Бозарық" шағынауданында 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында салынған. 304 жаңа қоныстанушының қатарында ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және бюджет қызметкерлері бар. Қоныстарыңыз құтты болсын! Әр шаңыраққа береке мен молшылық тілеймін!
Биыл біз 4000-нан астам пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұл халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді", - деді Ғабит Сыздықбеков.

Үйлі болғандардың бірі Dalanews.kz-ке берген сұхбатында көптен күткен қуанышын бөлісті.
"", - деді Шымкент тұрғыны.
Айтулы мереке қарсаңында баспаналы болған қала тұрғындарын "Отбасы банк" АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев та құттықтады.
"Әрқайсымыз үшін жаңа, ең бастысы, өзіміздің жеке пәтірімізге көшу - өмірдегі аса маңызды әрі қуанышты оқиға. Пәтерлеріңізде балалардың күлкісі жиі естіліп, іші жылулық пен жайлылыққа толы болуына тілектеспін. Жыл басынан бері "Отбасы банк" "2-10-20" бағдарламасы бойынша 2 500 жуық, "5-10-20" бағдарламасы бойынша 3 247 қазақстандық отбасыға жеке баспана алуға көмектесті" - деді "Отбасы банк" АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.

Суреттер: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, жыл соңына дейін тағы 4 мыңнан аса пәтер беру жоспарланып отыр. Демек биыл тағы да мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлап, баспаналы болады.