Cloud-сервистің көмегіне жүгінетін шағын және орта кәсіпкерлердың қатары көбейіп келеді, мемқұрылымдар да осы технологияны тұрақты пайдалануға көшкен.
Gartner сараптама компаниясының болжамы бойынша 2024 жылдан бастап ІТ шығындардың 45 пайызы дәстүрлі шешімдерден бұлтты технологияларға қарай ойысады.
Бұлардың ішіне – ІТ инфрақұрылымдар, бағдарламалық қамту және бизнес-процесті аутсорсингілеу секілді шығындар кіреді.
Әлем бойынша Cloud-технологияларға сұраныс пен қолданыстың артуы, осынау сервистің әмбебаптығы, икемділігі және қауіпсіздігімен тікелей байланысты.
IDC сарапшыларының мәлім еткеніндей 2021 жылы жариялы бұлтты сервистерге жұмсалған шығын дүниежүзі бойынша 408 млрд доллардан асып жығылған, 2020 жылы бұл көрсеткіш 316 млрд долларды құраған еді. Тек бір жылдың аралығында аталған нарықтың ауқымы 29 пайызға артқан.
Cloud-қа көшу көптеген мемлекеттер үшін қатардағы ІТ міндет емес, осы нарықта топ жарып, көш бастауға мүмкіндік беретін бизнестегі стратегиялық міндет және дамуға іргетас болатын шешім.
Қазақстандағы бұлтты нарықтың ауқымы қандай?
Iks Consulting компаниясының дерегіне сенсек, былтыр еліміздегі Cloud сервис нарығының көлемі 8,95 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылғы көрсеткіштен 6,39 млрд-қа асып түскен.
Цифрлы экожүйені жетілдіру, мемлекет мен бизнесті түбегейлі цифрландыру инновацияны ендіруді жеңілдетіп һәм жеделдетеді.
Елдегі интеллектуалды жүйелердің, стримингті сервистердің саны артып, AR/VR контентінің ұлғаюы бұлтты технологияларға сұранысты арттырады, сәйкесінше дата-орталықтар құрылады.
"Дата – орталықтар Cloud сервисті түрлі деңгейдегі бизнеске оңтайлы кіріктірудің басты өлшемі. Мұндай орталықтар бұлтты технологиялардың іргетасы іспеттес, тұтас инфрақұрылым осылардың үстінен қаланады.
Жеке дата орталықтарды қолдану қауіпсіздікке кепілдік беріп, ақпараттың үшінші тарапқа тарап кетпеуін қамтамасыз етеді. Сервистер сенімді жұмыс істеп, бизнестің дамуына ықпал етеді", – дейді Huawei Technologies Kazakhstan бас директорының аппарат басшысы Фарида Төлеубаева.
Мәліметті өңдеу орталықтары – мүлтіксіз, ақаусыз жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты Uptime Institute сертификатталған халықаралық институтының стандарты бойынша құрылған, әрі Tier II сенімділік санатына сәйкес келетін дата-орталықтарға сұраныс артуда.
Бұндай статус мәліметті өңдеу орталықтарының үздіксіз, ұдайы жұмыс істеріне, жүйенің ақпараттық, телекоммуникациялық және инженерлік инфрақұрылымының істен шықпауына 99,82 пайыз деңгейінде кепілдік береді.
"Қазақстандағы бұлтты технологиялар нарығы өсу, даму үстінде. Cloud-тар, олармен байланысты инфрақұрылымдар бизнесті трансформациялауға, шығынды төмендетуге, кірісті көбейтуге, бәсекеге төтеп беруге жол ашатын мүмкіндік, осы себепті бұлардың сұраныс арта түседі.
Әйткенмен отандық Cloud индустрияның нарығы осы салаға аямай инвестиция құятын елдермен салыстырғанда 10 есе төмен.
Мемсектор мен экономикадағы қарқынды цифрландыруды қаперге ала отырып, Қазақстандағы бұлтты нарықтың кеңістігін күш салу қажет», – дейді Фарида Төлеубаева.
Қазақстандағы бұлтты технологиялардың ауқымын арттыру үшін келесідей шешімдер қажет:
- Мәліметті өңдеу орталықтарының инфрақұрылымдарын қалыптастыру;
- Ішкі және сыртқы нарықта жетілген, дамыған магистралды байланыс арналарын құру;
- Ел ішінде жеке бұлтты платформаларды қалыптастыруға жол ашу (жеке бұлтты сервисті қалыптастыру ондаған жылдарды қажет етеді, бұған қомақты инвестиция мен білікті кадрларды тарту қажет).
Отандық бұлтты технологияларды масштабтау, оның инфрақұрылымын әзірлеу айтуға ғана оңай. Ол үшін елдегі ІТ сектордың тыныш-тіршілігін електен өткізіп, сапалы бұлтты сервиске сұраныс қалыптастыратын компаниялардың көмегіне жүгінген абзал.
Бұл тұрғыдағы таңдау - жеке Cloud сервисі бар, инфрақұрылымы қалыптасқан, әлем бойынша мұндай инновация ендіруде мол тәжірибесі бар компанияларға түскені дұрыс.
Huawei ілгерідегі талапқа толықтай сай келеді. Компания TIER 3 сертификатынан өткен, мәліметті өңдеу жүйесін басынан аяғына дейін толықтай әзірлеп береді, әрі магистралды байланыс каналдарын модерндейді.
Huawei-дің бұдан бөлек бұлтты платформаны Қазақстанда аумағында «жерсіндіретін» технологиясы және бар.
Соның арқасында жаңа IaaS-сервистер жасалып, осы нарықтағы қызмет көрсетудің түрлері көбейеді, компания мамандары әзірлеген телекоммуникация қызметі барша тұтынушыларға қолжетімді болады.
Huawei компаниясының мұрындық болуымен әзірленген Cloud Hub жобасы Digital Hub мемлекеттік бағдарламасының ажырамас бөлшегіне айналған.
Huawei-мен әріптестік Қазақстанның ІТ нарықтағы ықпалын арттырып, технологиялық мүмкіндігін ұлғайтады. Бұл өз кезегінде инвесторлардың қызығушылығын тудырады.
Еліміз халыққа арналған мемлекеттік бұлтты сервистер қызметін іске қосып, ірі және шағын бизнесті цифрлы жаңғырту жұмысы жеделдейді.