Гүлнәр Бажкеноваға «Масс-медиа туралы» Заңның талаптары түсіндірілді

Жарбол Кентұлы 06 қыр. 2025 18:18

Алматы прокуратурасы Бажкеноваға «Масс-медиа туралы» Заңының талаптарын түсіндірдіСоңғы уақытта онлайн-платформаларда жалған ақпараттың таралу деректері тіркелді. Осындай жарияланымдардан кейін «Orda» ақпараттық-талдау арнасының бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға қала прокуратурасы Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының талаптарын ауызша және жазбаша түрде түсіндірді.

Сонымен қатар ол ел заңдарын бұзудың жол берілмейтіні және қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені туралы қатаң ескертілді.

Сондай-ақ азаматты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп қасақана жалған айыптау деректері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігіне сәйкес 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық қарастырылатыны түсіндірілді.

Осыған байланысты қала прокуратурасы азаматтарды және бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға шақырады және қоғамдық ортада, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жалған, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға қатаң түрде шақырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар