Грузияның жаңа президенті абақтыда отырған 600-ден астам адамға рақымшылық жасады

Қаракөз Амантай 20 қаң. 2025 11:11 1547

Грузияның жаңа президенті Михаил Кавелашвили алғаш рет рақымшылық жасап, 613 адамды түрмеден босатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Кавелашвилидің Facebook-тегі (РФ аумағында тыйым салынған) ресми парақшасында жарияланды.

Президенттің конституциялық өкілеттігін пайдалануына негіз ретінде оның мейірімділік пен мемлекеттік мүддені басшылыққа алғаны атап өтілген.

"Грузия президенті Михаил Кавелашвили Крещение мерекесіне орай 613 адамға рақымшылық берді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар рақымшылыққа іліккен азаматтардың отбасыларына оралып, қоғамның толыққанды мүшесіне айналғаны айтылған.

Бұған дейін Кавелашвили Грузияның Еуропалық Одақтың толыққанды мүшесі болуға деген ұмтылысы еш өзгермейтінін мәлімдеген болатын. Ол елдің ЕО-ға кіру бойынша келіссөздер бастауға дайын екенін ерекше атап өтті.

Сонымен бірге президент Грузия үшін АҚШ-пен қарым-қатынасты нығайту маңызды екенін жеткізді.  Кавелашвили АҚШ-тың жаңа әкімшілігі Тбилисимен стратегиялық әріптестікті толық көлемде қалпына келтіреді деп үміттенуде. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар