Тоқаев Дубай Әміршісіне көңіл айтты

Тоқаев Дубай Әміршісіне көңіл айтты
Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі әрі Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға інісі шейх Ахмед бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысы жеделхатында шейх Ахмед Әл Мактумның Біріккен Араб Әмірліктерінің өркендеуіне, ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға және экономикалық өсімін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқанын атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әл Мактум әулетінің мүшелеріне қолдау білдіріп, қайғылы сәтте сабыр мен бекемдік тіледі.