Гренландия үкіметі АҚШ-тың бұл өңірді бақылауына алу ниетін қолдамайды және НАТО-ның көмегіне үміт артады, деп хабарлайды Dalanews.kz
Бұл туралы дүйсенбі күні Le Figaro басылымы Гренландия үкіметінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады. Естеріңізде болса, АҚШ президенті Трамптың аралдың әр тұрғынына ақшалай өтемақы беріп, Гренландияны иелігіне алу ниеті белгілі болған.
«Гренландия АҚШ-тың өзінің ұлан-ғайыр аумағын “иеленіп алу” ниетін ешбір жағдайда қабылдамайды және қорғанысының НАТО аясында қамтамасыз етілуі үшін күш-жігерін арттырады», – делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ, арал билігі Гренландияның әрдайым Батыстың қорғаныс одағының бір бөлігі болып қала беретінін атап өтті.
