Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы түрлі БАҚ-тар хабарлай бастады.
Еске салайық, бұған дейін ҰОК президенттігіне Тимур Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылған болатын. Тиісті құжат Tengri Sport редакциясына түскен.
Құжаттан 14 ақпанда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткені белгілі болды. Шара барысында, атап айтқанда, президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды.
Ал қысқы спорт түрлері жөніндегі вице-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы да ұсынылды.