Көптен күткен жекпе-жек Лас-Вегас қаласындағы "T-Mobile Arena" кешенінде өтеді. Дәл сол жерде бүгін Сауль "Канело" Альварес өзінің жерлесі – кіші Чавесті ұпай санымен ұтқан болатын.
Айта кетейік, аталған жекпе-жектен кейін Сауль Альварес рингке Геннадий Головкинді шақырды. Сол жерде екі боксшы ағымдағы жылы 16 қыркүйек күні жұдырықтасатындарын жариялады.
«Бұл жолы басқа оқиға болады. Қыркүйекте Big Drama Show болады. Саульді бүгінгі жеңісімен құттықтаймын. Ол менің мансабымдағы ең үздік қарсыласым болады. Қыркүйекті күтіңіздер. "Канелоға" не деймін? Қыркүйекте кездескенше!» – деді Головкин рингте комментатор және HBO жүргізушісі Макс Келлерманның сұрағына жауап бере отырып. Осыдан кейін екі боксшының командалары баспасөз мәслиxатын өткізді. Сол жерде Головкин және Альварес алғаш рет көз арбасты.