Головкин тағы бір халықаралық қызметке кандидат атанды

Головкин тағы бір халықаралық қызметке кандидат атанды
ҰОК

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия және Еуропа бойынша Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті лауазымына үміткерлердің ресми тізіміне енді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның кандидатурасы тексерудің белгіленген рәсімдерінен өтті. Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің атынан ISSA атқарушы комитетінің 2026-2029 жылдардағы сайлауына үміткер ретінде тіркелді.

Тиісті тізім ISSA құрамындағы барлық ҰОК-қа жолданды.

Сайлау 2026 жылы 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық Олимпиада комитеттерін біріктіреді.