Ғылымға бөлінген қаржы енді тікелей бюджетке түседі

Самал Асқар 15 қаң. 2026 12:48

Қазақстанда көмірсутек пен уран өндіретін компаниялардың ғылыми зерттеулерге арналған аударымдары енді тікелей республикалық бюджетке бағытталатын болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл өзгеріс Мемлекет басшысының аударымдарды орталықтандыру жөніндегі тапсырмасын орындау және Бюджет кодексінің талаптарына сәйкестендіру мақсатында енгізілді. Бұған дейін жер қойнауын пайдаланушылар ғылымды әртүрлі тетіктер арқылы қаржыландырып келген.

Енді көмірсутек пен уран өндіретін компаниялар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған қаражатты арнайы бюджет коды арқылы тікелей мемлекеттік қазынаға аударады. Осы мақсатта 401103 коды бекітілді.

Тиісті түзетулер 2025 жылғы 17 желтоқсанда Энергетика министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бірлескен бұйрығымен қабылданды.

Билік өкілдерінің айтуынша, бұл қадам ғылымды қаржыландыру жүйесін біріздендіруге, ашықтықты арттыруға және бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын күшейтуге бағытталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove