Freedom Inside '26

ГЕРОФАРМ 2 типті қант диабеті мен семіздікті емдеуге арналған препараттарына халал сертификатын алды

ГЕРОФАРМ 2 типті қант диабеті мен семіздікті емдеуге арналған препараттарына халал сертификатын алды

ГЕРОФАРМ компаниясының GLP-1 класына жататын Sejaro®️ (тирзепатид), Semavic®️ (семаглутид) және Semavic Next®️ (семаглутид) препараттары ислам талаптарына сәйкестігін растайтын «Halal» сертификатын алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тиісті құжатты компания Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халал» халықаралық стандарттау және сертификаттау орталығынан алған. Қазіргі уақытта Қазақстанда Semavic®️ препараты ресми тіркелген және дәрігер рецепті бойынша дәріханаларда қолжетімді.

Халал мәртебесі дәрілік препараттарға олардың діни нормаларға сәйкестігі расталғаннан кейін ғана беріледі. Бұл препарат құрамында дін бойынша тыйым салынған заттардың, соның ішінде этанолдың, қанның, шошқа жасушалары мен тіндерінің жоқ екенін білдіреді. Сонымен қатар ислам қағидаларына сай сойылмаған жануарлардың жасушалары негізінде өндірілген дәрілік заттар да халяль болып саналмайды.

Компания препараттары пептидтік синтез әдісі арқылы өндіріледі. Бұл жануар тектес компоненттерді пайдалануды толықтай болдырмайды. Осылайша дәрілік заттардың халал стандарты талаптарына толық сәйкес келуі қамтамасыз етіледі.

Қазақстанда өнімнің ислам нормаларына сай болуы көптеген тұтынушылар үшін маңызды фактор саналады. Сондықтан «Halal» сертификатының болуы пациенттерге терапия таңдауда қосымша сенімділік береді. Бұл сертификат дәрігерлерге 2 типті қант диабеті мен семіздікті емдеу кезінде медициналық көрсеткіштермен қатар пациенттердің жеке ұстанымы мен діни сенімін де ескеруге мүмкіндік береді.

«Пациентке қамқорлық оның өмір салты мен сеніміне құрметпен қараудан басталады. Сондықтан біз үшін Седжаро, Семавик және Семавик Некст препараттарының исламның ең қатаң талаптарына сәйкес келетінін растау принципті түрде маңызды болды. “Халал” мәртебесі - әрбір пациентке ұқыпты әрі адал көзқарас танытатынымыздың кепілі», — деді ГЕРОФАРМ компаниясының бас директоры Петр Родионов.

ГЕРОФАРМ - GxP стандарттарына сәйкес биотехнологиялық препараттар өндіретін халықаралық компания. Компания неврология, эндокринология, офтальмология, гинекология және урология сияқты медицина салаларында қолданылатын препараттар шығарады. Компания өнімдері әлемнің 14 еліндегі халықаралық медицина қауымдастығы тарапынан тұрақты сұранысқа ие. Қазақстан Республикасының нарығында ГЕРОФАРМ 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде компания Ресейде семіздікті емдеуге арналған препараттар нарығында 1-орында және әлемдегі инсулин өндірушілердің ТОП-10 қатарына кіреді.