Хабар ошарсыз жоғалып кеткен бұрынғы судья Германиядан өлі табылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылған.
Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр. Өз кезегінде полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылған.
"Қазір марқұмның туыстары Германияда және оларға барлық қажет консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.