Германия Украинаға 2 млрд еуро көлемінде әскери көмек бөлмек

Сағыныш Сардарова 16 қаз. 2025 11:29

Германия Украинаға 2 млрд еуро көлемінде әскери көмек бөлмек, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус Украинаның қорғанысы жөніндегі байланыс тобының отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, көмек негізінен Ресейдің шабуылдарынан қорғану үшін әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейтуге бағытталады.

Мәселен 500 млн долларлық пакетке Patriot жүйелеріне арналған зымырандар, радиолокациялық кешендер, жоғары дәлдікті артиллериялық зымырандар мен оқ-дәрілер кіреді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар