Geely Galaxy EX5 EM-і Қазақстандағы гибридтер арасында екінші ай қатарынан көш бастап тұр

Geely Galaxy EX5 EM-і Қазақстандағы гибридтер арасында екінші ай қатарынан көш бастап тұр
Фото: Geely Galaxy

Geely Galaxy бренді Қазақстанның автомобиль нарығындағы позициясын нығайтуды жалғастырып келеді. Сонымен қатар, Geely Galaxy гибридті көліктер сегментінде екінші ай қатарынан сатылым бойынша көш бастап, қазақстандықтардың брендке деген жоғары қызығушылығын тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Geely Galaxy еліміздегі ең көп сатылған автомобиль брендтерінің ТОП-10 қатарына енді. Осылайша бренд Chevrolet, Hyundai, Kia, Changan, Haval, Chery, Jetour, Toyota және Geely секілді нарықтың ірі ойыншыларымен бір қатарға жайғасты.

2026 жылдың алғашқы айларында бренд маңызды межеден өтіп, сатылған автокөліктер саны алғаш рет мыңнан асты. Бұл — Қазақстан нарығындағы жаңа автомобиль брендтері арасындағы ең қарқынды бастамалардың бірі.

2026 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстанда 1000-нан астам көлік сатылды:

  • Geely Galaxy Cityray — 492 автокөлік
  • Geely Galaxy EX5 EM-i — 345 автокөлік
  • Geely Galaxy Preface — 161 автокөлік
  • Geely Galaxy EX5 — 22 автокөлік

Мұндай нәтиже қазақстандықтардың жаңа буындағы технологиялық әрі заманауи көліктерге қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді.

Жаңа энергия мен интеллектуалды мобильділік бренді

Geely Galaxy — Geely Holding корпорациясының жаңа энергия көздері мен интеллектуалды технологияларға бағытталған заманауи бренді. Бренд алғаш рет 2023 жылы Ханчжоу қаласында таныстырылса, 2025 жылы дербес жаһандық брендке айналды.

Geely Galaxy көліктері озық инженерлік шешімдерді біріктіреді: интеллектуалды жүргізуші көмекшілері, жоғары қауіпсіздік деңгейі, цифрлық интерфейстер мен басқару жүйелері жүргізуші мен көлік арасындағы байланысты барынша ыңғайлы әрі интуитивті етеді. Бренд желісіндегі әрбір модель түрлі өмір салтына бейімделген.

Cityray

Қазақстандағы ең танымал модель — Geely Galaxy Cityray қалалық кроссовері болды. Ол мегаполистегі қарқынды өмір ырғағына бейімделіп, ықшамдылықты, маневрлікті және технологияны үйлестіреді.

Preface

Preface бизнес-седаны мәртебе мен жайлылықты, сондай-ақ күнделікті сапарларда цифрлық шешімдерді бағалайтын жандарға арналған. Автокөлік іскерлік кездесулерге де, отбасылық саяхаттарға да бірдей қолайлы.

Geely Galaxy EX5

EX5 электрлі кроссовері заманауи қала өміріне арналған экологиялық таза әрі динамикалық қозғалыс ұсынады. Қуатты электрқозғалтқышы жылдам үдеуді қамтамасыз етсе, үлкен жүріс қоры көлікті күнделікті сенімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Geely Galaxy EX5 EM-і

Қазақстан тарихындағы ең көп сатылған гибридтердің бірі саналатын бұл модель ұзақ қашықтықтарға арналған әмбебап шешімге айналып отыр. Ол жоғары жүріс қорын және үнемділікті қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе Қазақстан жағдайында өзекті.

Geely Galaxy EX2

2026 жылдың мамыр айынан бастап Geely Galaxy EX2 ықшам электрлі кроссовері де Қазақстандағы Geely Galaxy модельдік қатарының бір бөлігіне айналды. Бұл брендтің электрлендірілген көлік бағытын дамыту стратегиясын көрсетеді.

Қазіргі таңда модель Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Шымкент және Қызылорда қалаларында сатылымда бар.

Қазақстан нарығына жақында ғана шыққанына қарамастан, Geely Galaxy қарқынды даму динамикасын көрсетіп отыр.

2026 жылдың соңына дейін бренд дилерлік желіні 22 нүктеге дейін кеңейтуді және ел бойынша жаңа орталықтар ашуды жоспарлап отыр. Бұл автокөліктер мен сервисті клиенттер үшін бұрынғыдан да қолжетімді ете түспек.