Мамандар елордада бой көтерген жаңа үйлерді газға қосу – шаһардың экологиялық көрсеткішін жақсарата түскенін қауаттап отыр. Бүгінде қаладағы Срыарқа және Алматы аудандары үйлерді газға қосу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген. Ол үшін қалада 680 шақырымнан астам газ тарату желісі салынды, кварталішілік желілер тартылды. Осы екі ауданда үйлердің 65%-ы газға көшті (Сарыарқа және Алматы аудандарында). Газға 7,5 мыңнан астам үй қосылған.
Байқоңыр және Есіл аудандарында да газ құбырын салу (2023 жылы кварталішілік желілер) жұмысы жүріп жатыр. Биыл аудандық «Тұран», «Телман» қазандықтарына және Ильинка (Үркер), Өндіріс, Телман, Пригородный, елді мекендерінде, сол сияқты «Family Village» және «Garden Village» шағын аудандарына газ жеткізу желісінің құрылысы басталды.
Шұбар шағын ауданында жобалау жұмысы жүріп жатыр, ал кварталішілік желілердің құрылысы 2023 жылы басталады.
Әлеуметтік нысандар да газға қосылады. Елді мекендерде орталық жылу жүйесіне қосылмаған әлеуметтік нысандар бар. Олар автономды жылу көздері көмір немесе дизель отыны арқылы жылытылады. Алайда мұндай отын көздері бірнеше есе қымбат. Осыны басшылыққа алған Астана қаласы әкімдігі 20 әлеуметтік нысанның (Алматы және Сарыарқа ауданы) 13 нысаны газға ауыстыран болатын. Әлеуметтік нысандарда газға ауыстыру есебінен жалпы үнемдеу жылына 1 млрд теңгеден асады.
Жергілікті билік орындары қала тұрғындарын үйлерін газға қосу үшін ынталандыру жұмыстарын ұдайы жүргізіп келгенін біліміз. Бұдан басқа көмек те көрсеткен кездері болды.
Астана әкімдігі бірқатар әлеуметтік шаралар қабылдап, үйлерді газға қосуға арналған құжаттар тізімі екі есе қысқартып, халықтың мұқтаж санаттарына бөлінетін сома 2 еседен астам ұлғайтты (430 мыңға дейін), бұдан басқа тегін негізде газды есепке алу құрылғылары (есептегіштер) тартақан болатын. Ал газ тартуға ақшасы болмаған тұрғындар үшін банк арқылы бөліп төлеу және пайызсыз кредиттеу мүмкіндігі де қарастырылғанын айта кетуіміз керек. Осындай кешенді жұмыстардың арқасында қалада газдандыру жұмыстары табысты түрде іске асуда.
Газдандыру қаланың экологиясын едәуір жақсартып қана қоймай, жеке сектор тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.