Колорадо штаты Университетінің Стив Миллер жетекшілік ететін ғалымдар тобы Бермуд үшбұрышында бір ғасырда шамамен 75 ұшақ пен жүздеген кеменің жоғалып кетуін түсіндіріп берді. Мамандардың болжамы бойынша, кемелер мен ұшақтардың жоғалуына теңдессіз метеорологиялық құбылыс - "жарылатын" алты бұрышты бұлттар себеп болған.
Ғалымдар Бермуд үшбұрышынан пішіні алты бұрышқа ұқсас ерекше бұлттар тапты. Мамандар осындай бұлттарды "ауадағы бомба" ретінде сипаттады.
Осындай ауа ағыны соқтығысып, ұшақтар мен кемелерге қауіпті жоғарғы турбулентті аймақ құрады. Ғалымдардың болжамын спутниктен түсірілген бірқатар мәліметтер растайды.
Атлант мұхитындағы Бермуд үшбұрышы Флорида, Бермуд аралдары және Пуэрто-Рико аралығында орналасқан. Мұнда теңіз және әуе көліктері жиі жоғалады деп есептеледі.