Ғалымдар артық салмақтан арылудың оңай жолын тапты

Dalanews 05 қаң. 2018 03:43 857

Сингапурдың Наньян технологиялық университетінің ғалымдары қысқа мерзім ішінде артық салмақтан арылудың оңтайлы жолын ойлап тапты, – деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.

Ғалымдар артық салмақтан арылудың жаңа тәсілі Small Methods ғылыми журналдында көрсеткен. Мақалада ізденушілер адам шашынан жіңішке микроинелерді арнайы пластырьге орналастырып, оны адам денесінің май жинаған жеріне жабыстырып, артық салмақтан арылуды ұсынып отыр.

Зерттеушілер микроинелердің басына адам денесіндегі энергияны жинақтайтын ақ майды жоқ қылып жіберетін препарат орналастырып, тиімді нәтижеге қол жеткізген.

Іс-тәжрибе барысында ғалымдар арнайы пластырьді жабыстырған соң, бес күннен кейін маңызды нәтижеге қол жеткізіпті. Сынаққа өз еркімен қатысқан бір американдық осы тәсіл арқылы аз ғана уақыттың ішінде 77 келіге арықтағанын алға тартты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар