С.М. Алдашев С.М. Киров атындағы ҚазМУ «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген соң Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің заң факультетінде оқытушылық қызметте 1992 жылдың қыркүйек айына дейін жұмыс жасады. 1992 ж., қазан айынан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де еңбек құқығы және азаматтық істер жүргізу кафедрасында ассистент қызметін атқарды.
1993 ж. қараша айында 12.00.05 – еңбек құқығы; әлеуметтік қамсыздандыру құқығы мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөліміне оқуға түсіп, 1996 ж. маусым айында кандидаттық диссертациясын қорғады. 1996 ж. қыркүйек айынан бастап заң факультетінің еңбек құқығы және азаматтық істер жүргізу кафедрасының аға оқытушысы, доценті қызметін атқарды.
1998 – 2000 жылдар аралығында еңбек құқығы және азаматтық істер жүргізу кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2001-2003 ж.ж. аралығында заң факультетінің деканының магистратура жөнінде орынбасары қызметін атқарды.
2005-2008 жылдар аралығында еңбек құқығы және азаматтық істер жүргізу кафедрасының меңгеруші қызметін атқарды.
2010 жылдан бастап заң факультетің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының доценті қызметін атқарып келеді.
Ғалымның түрлі деңгейдегі отандық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға тұрақты түрде қатысумен қатар, шетелдік беделді ғылыми журналдар, басылымдарда жетпістен астам ғылыми мақалалары жарияланған
Заңгер ғалымның осы бір мерейтойында ғылым жолындағы ізденістері сәттілікке толы болып, егеменді еліміздің болашағы үшін еңбек ете беруіне тілекшіміз. Құқыққа және заң ғылымына қызмет ету өмірінің мәніне айналған, өз орнын заң ғылымнан тапқан, кәсіби мектептен өтіп, ерен тұлға ретінде қалыптасқан сабырлы да салмақты, өз ісінің шебері Сарсенғали Мырзаұлына Қазақстанның заң саласы өміршең де сапалы заңдарымен толығып, мемлекеттің жарқын болашағы үшін қосар үлесіңіз алдағы уақытта да жалғасын таба берсін демекпіз.
Заң ғылымдарының докторы Б.А.Жандарбек
Заң ғылымдарының кандидаты С.Р.Ермухаметова