Freedom Holding Corp. (NASDAQ: FRHC) компаниясы 2025 жылғы жыл сайынғы қайта теңгерімдеу шеңберінде өз акцияларының Russell 3000 индексінің есебіне енгізілгені туралы мәлімдеді. Акциялардың индекске енгізілуі 2025 жылғы 27 маусымда Америка нарығы жабылғаннан кейін күшіне енеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz
Russell 3000 индексі АҚШ-тың инвестицияланған акциялар нарығының шамамен 98%-ын құрайтын 3 019 ең ірі америкалық компанияның серпінін бақылайды. Акциялардың бұл индекске қосылуы компанияның қаржылық жағдайын, тұрақтылығын және өсуін көрсететін маңызды жетістік болып табылады, инвесторлардың арасында олардың танымалдылығын арттырып, жаһандық инвестициялық қорлардың индексті бағыт-бағдар ретінде кеңінен қолдануы арқылы сауда белсенділігінің артуына әкелуі мүмкін. Бұл қорлардың ішіндегі ең танымал қорлар - iShares Russell 3000 ETF (IWV) және Vanguard Russell 3000 ETF (VTHR) қорлары бар, олардың басқаруында 18 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат бар.
Акциялардың Russell 3000 индексіне қосылуы Russell 1000 (ірі капиталдандыру) немесе Russell 2000 (шағын капиталдандыру) индекстерінің бірінде, сондай-ақ тиісті өсу және құн индекстерінде барын білдіреді. Әзірге компанияның қай топқа жататындығы туралы ресми растау жоқ. Мұндай растау кейінірек, яғни жылына бірнеше рет орналастырылған индекстің тұрақты жаңартуларынан кейін пайда болады. Инвесторлар 30 мамырда, 6 маусымда, 13 маусымда және 20 маусымда жарияланатын жаңартуларды бақылай алады.
«Компанияның беделді Russell 3000 индексіне қосылуы біздің орнықты өскенімізді және әлемдік қаржы нарықтарындағы орнымыздың нығайғанын растайтын маңызды кезең болды. Мұндай мүмкіндік біздің бүкіл командамыздың қажырлы еңбегі мен белсенділігін, сондай-ақ акционерлер үшін құндылық жасауға деген адалдықты көрсетеді. Біз бұл жағдай компанияның институционалдық инвесторлардың арасында танымалдылығын арттырып, акционерлік базамызды кеңейтіп, компанияның қаржы индустриясында негізгі ойыншы ретіндегі орнын нығайтады деген сенімдеміз», - деді Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
2025 жылғы 23 мамырдағы қайта қарау қорытындысы бойынша Russell 3000 индексіне енгізілген компаниялардың жаңа тізімі FTSE Russell индексінің ресми сайтында жарияланған.
Болжамдық сипаттағы мәлімдемелер
Осы хабарлама Бағалы қағаздар туралы істер бойынша сот талқылауын реформалау туралы 1995 жылғы АҚШ Заңында айқындалған мағынада болжамды сипаттағы мәлімдемелерді, соның ішінде жақында жарияланған Freedom Holding Corp. компаниясының Russell 3000 индексіне қосылуына қатысты мәлімдемелерді, сондай-ақ басқа индекстерге ену, хабардарлықты арттыру, акционерлік базаны кеңейту, сауда белсенділігін арттыру және тарихи фактілерге қатысы жоқ басқа мәселелер сияқты осындай енгізудің болжамды пайдасын қамтиды.
Болжамдық сипаттағы мәлімдемелер болашақ нәтижелердің кепілі болып табылмайды және тәуекелдермен және белгісіздікпен, соның ішінде Freedom Holding Corp. компаниясының Russell 3000 индексіне қосылуы осы хабарламада сипатталған болжамды пайдаға әкелмейді деген тәуекелмен, сондай-ақ Freedom Holding Corp. компаниясының соңғы жылдық және тоқсандық есептеріндегі, сондай-ақ АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына (SEC) ұсынылған басқа құжаттардағы тәуекел факторлары туралы бөлімде көрсетілген өзге де тәуекелдермен байланысты.
Осы болжамды сипаттағы мәлімдемелер тек осы құжаттың күніне ғана маңызды болып отыр. Компания жаңа ақпараттың келіп түсуіне, болашақ оқиғалардың басталуына байланысты немесе кез келген басқа себеппен осындай мәлімдемелерді жаңарту немесе қайта қарау міндеттемесін өзіне алмайды.
Еске салайық, Freedom Holding Corp. компаниясы әртараптандырылған қаржылық қызмет көрсететін, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен сауда жасаумен, инвестициялық зерттеулермен және консультация берумен, инвестициялық банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен, телекоммуникациямен, авиабилеттер мен мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн сатумен айналысатын компания, онлайн супермаркет қызметтерін және басқаларын ұсынады. Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компанияларын ескере отырып, оның 8,2 мыңнан астам қызметкері бар. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары 22 елде орналасқан, соның ішінде Қазақстанда, АҚШ-та, Кипрде, Польшада, Испанияда, Өзбекстанда және тағы басқа елдерде бар. Freedom Holding Corp. компаниясының жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен саудаланаы.