Францияда Илон Маскты қамауға алуға ордер берілуі мүмкін

Францияда Илон Маскты қамауға алуға ордер берілуі мүмкін
Reuters

Францияда X әлеуметтік желісіне қатысты іс бойынша Илон Маскты қамауға алуға ордер берілуі мүмкін. Бұл туралы Париж прокуроры Лор Бекко мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Франция билігі X платформасын экстремизмге жәрдемдесті, "адамзатқа қарсы қылмыстарды жоққа шығарды" және балалар порнографиясын сақтады деп айыптап отыр.

Прокурордың сөзінше, тергеу аяқталғаннан кейін жиналған материалдар қылмыстық сотқа жолдауға жеткілікті деп танылса және Илон Маск шақыртуға келмесе, заң бойынша оны қамауға алуға ордер беру мәселесі қаралады.

Франция прокуратурасы X әлеуметтік желісіне қатысты қылмыстық істі 2025 жылы шілдеде қозғаған еді. Ал биыл ақпанда Франциядағы X кеңсесінде тінту жүргізілген. Наурызда Илон Маск жауап алуға шақырылғанымен, ол келмеген.

Сонымен қатар, АҚШ Әділет министрлігі Францияға бұл іс бойынша тергеу жүргізуге көмектесуден бас тартқан.