Флоридада үш баланың анасы қазақстандық әйел ұсталды

Флоридада үш баланың анасы қазақстандық әйел ұсталды
pixabay.com

Қазақстан азаматы АҚШ-тың Флорида штатында заңды көші-қон мәртебесі болмағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әйелді АҚШ-тың иммиграциялық қызметі ұстағанын растады. Қазір қазақстандық дипломаттар америкалық мемлекеттік органдармен және әйелдің отбасымен байланыста.

СІМ мәліметінше, ұсталған азаматқа қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Флоридада үш баланың анасы қазақстандық әйелді АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі (ICE) ұстағаны туралы ақпарат тараған еді. Алғашқы ақпарат бойынша, әйелдің ұсталуына қатысты нақты себеп айтылмаған.