Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
rustemova_aliya

Астанада үйдің қасбеті құлауы салдарынан қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Астана Полиция департаменті бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы 1-бөлігі, яғни "Міндеттерге адал қарамау" бабы бойынша тергелген.

6 тамызда қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілген.

Алайда Ішкі істер министрлігі бұл іс бойынша кім айыпталушы екенін хабарламаған. 

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі қылмыстық іс материалдары сотқа түскенін растаған. Алдын ала сот отырысының күні әзірге белгіленбеген.