Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот басталды

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот басталды
Ұлдана Мырзуан. Фото: instagram.com/rustemova_aliya

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот отырысы басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қайғылы оқиға былтыр күзде болған еді. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінің бір бөлігі опырылып, салдарынан фельдшер қаза тапты.

Істі судья Меруерт Абаева қарайды. Сот отырысына екі мемлекеттік айыптаушы - Нұрдәулет Әбуов пен Саяжан Серікова, қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ешенқұлова және жұбайы Әділет Зейнел қатысып жатыр.

Айыпталушы - қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы. Ұлдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбеков бұл іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы - "Міндеттеріне адал қарамау" бойынша қаралып жатқанын айтты.