Евгений Кочетов Президент әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Евгений Кочетов Президент әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
Ашық дереккөз

Евгений Кочетов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Кочетов 2023 жылғы қарашадан бастап Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған. Бұған дейін, 2023 жылғы ақпаннан бастап Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болған.

Ал 2020 жылдан бастап «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры қызметінде жұмыс істеген.