Еуропалық Одақ қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетеді

Қаракөз Амантай 30 қаң. 2024 14:47 1690


Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Кестутис Янкаускастың кездесуінен кейін белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.



“Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін қозғап, ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады”, – дейді министрлік.



Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:



  • визаға өтінім берудің біріңғай құжаттар топтамасын енгізу;

  • консулдық алымдардың мөлшерін қысқарту;

  • өтінімдерді қарасудың мерзімін азайту;

  • көп мәртелік визалардың қолданыс мерзімін ұзарту.


Келіссөздердің нәтижесі бойынша, ҚР мен ЕО арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізген.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар