Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі "Еуропа одағы елдерінен мигранттарды қабылдау, орналастыру немесе транзиттен өткізу орталықтарын құру мәселесі бойынша келіссөз жүргізіліп жатқаны" туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, виза режимін жеңілдету мен реадмиссия мәселелері бір-бірімен байланысты емес және жеке бағыттар ретінде қарастырылады.
Сондай-ақ, министрлік Еуроодақпен виза режимін жеңілдетуге қатысты келіссөздер сарапшылар деңгейінде аяқталғанын хабарлады.
Бұл келісім аясында азаматтарға көп мәрте виза алу мүмкіндігін кеңейту, құжаттар тізімін қысқарту және азаматтардың кейбір санаттары үшін рәсімдерді жеңілдету көзделеді.