Еурокомиссия Ресейге қарсы санкциялардың 19-пакетін бекітті

Еурокомиссия Ресейге қарсы санкциялардың 19-пакетін бекітті
iStock

Еурокомиссия Ресейге қарсы санкциялардың жаңа 19-пакетін мақұлдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шешім қабылданғанын брифингте Еурокомиссияның баспасөз хатшысы Паула Пиньо жария еткен.

Жақын уақытта Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен және ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас ресми мәлімдеме жасап, егжей-тегжейін жариялайды деп күтіліп отыр.

Комиссия шешімінен кейін санкциялар пакетін ЕО кеңесі мақұлдауға тиіс. Сол кезде ғана Еуропаның шешімі түпкілікті күшіне енеді.