Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының (ЕТДҚ) 2026 жылдың жазына арналған өңірлік экономикалық шолуында Қазақстан экономикасына қатысты жаңартылған болжамдар жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қордың бағалауынша, 2026 жылы Қазақстан экономикасы 5 пайыз өседі. Бұл бұрынғы болжамнан 0,2 пайыз төмен. Оған кейбір мұнай кен орындарында өндірістің уақытша тоқтауы себеп болған.
Сонымен қатар қор жыл соңына қарай инфляция 9,8 пайызға дейін төмендейді деп күтеді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 10,1 пайыз болады деп болжанған еді.
Сондай-ақ теңге бағамы да нығаяды деген болжам жасалды. Қордың мәліметінше, 2026 жылы доллардың орташа бағамы 497 теңге болады. Бұған дейін бір доллар 531 теңге болады деп күтілген еді.
Сарапшылардың айтуынша, инвестиция көлемінің артуы мен мұнай өндірісінің қайта өсуі Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына түрткі болады.