Ескі Қазақстанның өкілі Ғабидолла Әбдірахымов қазір немен айналысып жүр?

Азамат Қойшығара 29 қаң. 2024 16:39 2778


Қазіргі таңда экс-шенеунік Ғабидолла Әбдірахымов депрессиядан шыққан. Алайда Шымкенттің бұрынғы әкімін Жаңа Қазақстанда ешқандай лауазымды қызметке тағайындамау туралы бейресми нұсқау әлі күнге дейін күшін жоймаған, деп хабарлайды Dalanews.kz


Біздің дерегімізше, экс-шендінің түйіндемесі біраз кабинеттерге кіргізіліп, рұқсат алмай кері қайтқан.


Мемлекеттік қызметтегі мансабы күрт үзілгендіктен және Лондонда сүйіктісімен айрылысқан уақытта Ғабидолла Рахматоллаұлы терең депрессияға шалдыққан болатын. Сол кезде фейсбук комментарийлерінде желі қолданушыларымен ұрсысып, оларды сыпыртып боқтап тастады да, артынша аккаунтын өшіріп, мүлде фейсбуктан кетіп қалды. Қазір тек инстаграмды ғана қолданады.



Дереккөздің айтуынша Ғабидолланы өндіріс пен дистрибуция, зәйтун майын сату депрессиядан шығарды. Бүгіндері ол Испанияда өндірілетін "Aldonza" зәйтун майы мен қой ірімшігін Орталық Азия мен Қазақстанға тасумен айналысады. Бірақ баяғыдағыдай ағыл-төгіл табыс жоқ. Сондықтан Әбдірахымов "эконом" режимге көшті.



Ал оның сенімді серігі Данат Жумин Қазақстаннан қызмет таппағандықтан Еуропаны аралай бастаған. Жумин Ғабидолла Әбдірахымовпен 2017-2018 жылдары Шымкентте, ал оның алдында Нұр-Отан партиясында қызмет еткен болатын. Ғабидолланың қоғамдық келбетін, сыртқы имиджін Данат Жумин арнайы стратегия жасап, толықтай қалыптыстырып берді. Оған шамамен 40-50 миллион теңгедей қаржы жұмсалды дейді, жағдаймен таныс дереккөз.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар