Бір жағынан оның шарапаты Ахметжан Есімовке де тиіп отыр. "Жаңа Қазақстан" тарапынан экс-саяси гигантқа ешқандай айып, өкпе, наразылық жоқ.
Тіпті оған "Отандастар" қоры, "Түркісой" басшылығы сияқты жұмысы аз, беделі әжептәуір қызметке ұсыныстар да қарастырылған болатын.
Бірақ Есімов Тасмағамбетовке қарағанда "саясаттан шаршадым, іске араласпаймын" деген емеурін білдіргеннен кейін, тараптар бір-бірін мазалай бермейік деп шешті.
Жусанның қайтуымен енді мемлекет 4 банк ұстап отыр. Олар – Bereke bank, Отбасы банк, Қазақстанның даму банкі, Jusan bank.
Оған қоса еліміз Еуразия даму банкінің негізгі акционері. Мұны шектен шыққан мемлекеттік капитализм деп бағаласа болады.
Осы төртеудің ішінен мемлекетке шын мәнінде экономиканы кредиттеу үшін тек Қазақстанның даму банкі керек.
Сондықтан Береке мен Жусанды тез арада сату тапсырмасы тұр. Отбасы банкті шыны керек, 5 жыл бойы сатып көрді, бірақ ешбір инвестор алмай қойды. Сондықтан мемлекет амалсыз өзінде қалдыруға мәжбүр.
Қазақстандағы қаржылық активтерді сатудың бір проблемасы – инвесторлар біздің салық саясатымыздан қорқады.
Аудиторлардың халықаралық үлкен төрттігі (Big4: E&Y, PWC, KPMG, Deloitte) біздің ірі компанияларға әзірлеген аудиттелген қаржылық есептерде бұл мәселе мазақ қылғандай анық жазылады.
Олар Қазақстанның салық заңнамасының түсініксіздігі, күрделілігі және кез-келген уақытта өткен кезеңдер үшін қосымша салық сала салатын практикасы ешбір инвесторға оң жамбасына келмей тұрғаны анық.
Бір сөзбен айтқанда, біз 30 жыл бойы өте қарапайым, түсінікті, тас болып қатып қалатын Салық Кодексін жасай алмадық.
Енді не болса да, банктерді сату керек.
Dala Inside арнасы "Тоқаев «қазақтандыру» процесін бастап кетті. Кремль «Ата жолынан» астар іздеуде…" Толықарақ сілтемеде ??
https://t.me/dalainside/1361
https://dalanews.kz/aimak/90727-zhetisaydyng-qauynyna-reseyde-suranys
https://dalanews.kz/news/89871-qarzhy-piramidalarynyng-qaqpanyna-tus
https://dalanews.kz/news/90647-50-mln-tenggeni-ysyryp-qylgan-shendi-qazaq
https://dalanews.kz/bilim/90615-turkistan-oblysynda-biyl-bastauysh-sy