"Есіл тасыды". Ақмола облысындағы ауылдарда үйлерге су кірді

Сағыныш Сардарова 11 сәу. 2025 09:35 1832

Ақмола облысындағы ауылдарда үйлерге су кірді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

"КТК" телеарнасы мәліметінше, Ақмола облысында Есіл өзені арнасынан асып жатыр. Соның салдарынан  Ақан Құрманов ауылындағы төрт үйге су кіріп, ауласы малмандай су болған.

Құтқарушылар тұрғындардың баспаналарын құм салынған қаппен қоршап, көшелерге қосымша қорған жасады.

Ал Астрахань ауданында тасқын салдарынан тұрғындар қара түнекте отыр. Жарықтан қағылған 173 үйдің біразына электр энергиясы берілді. Енді Қаракөл мен Ягодное елді мекеніндегі 73 отбасы әлі жарықсыз отыр.

"Бұл ауылдарға электр қуаты ертең толық беріледі", - деді мамандар бұған дейін.

Өйткені қызыл су жолдарды шайып, жұмысшылар үзілген желілерге жете алмай жатыр. Сондықтан арнайы техникамен құм-тас төселіп, уақытша жол салып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар