"Ешбір ел Путинмен стратегиялық одақтас бола алмайды" - Зеленский

Көркем Алдабергенова 25 мам. 2024 13:05 7008

Украина президенті Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан журналистеріне көлемді сұхбат берді. Сұхбат барысында қазақстандық журналист, Orda.kz сайтының негізін қалаушы және бас редакторы Гүлнар Бажкенова Зеленскийге сұрақ қойып, Кедендік одақ, Еуроодақ және ҰҚШҰ-ға мүше елдерге деген көзқарасын сұрады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бізбен бірге соғыста жүрмеген елдер біздің жауымыз деп санамаймын. Бізбен достық қарым-қатынаста болғандарыңызды қалаймын. Біздің елдер дос деп санаймын. Мен елдердің Украинаға деген саяси көзқарасы да достық қатынаста болғанын қалаймын. Егер біреу дос болуды қаламаса келісімге келуге болады. Бейбіт, әділ өмір сүріп,құндылықтарды құрметтеп өмір сүру керек. Демократияны, тәуелсіздікті, тілдеріңізді, мәдениеттеріңізді құрметтеу керек. Сіздердің елдеріңізде болып, мәдениеттеріңізбен, адамдарыңызбен танысқым келеді.    

Біз сіздердің елдеріңізде тұратын қарапайым адамдардан қайырымдылық мақсаттағы көмекті өте көп алдық! Жай ғана адамдарға көмек. Тарихи тұрғыда да ортақ дүниелер көп. Бірақ... Тарих туралы сөз қозғаған кезде бізді ажырататын нәрсе емес, байланыстыратын нәрсені іздеймін. Сондықтан, шыны керек, позитив нәрселерді көремін", - дейді Зеленский. 

Сонымен қатар, Украина президенті ешбір ел Путинмен стратегиялық одақтас бола алмайтынын айтады. 

"Бәріңізге 100 пайыз соққы жасалады.Қазір ҰҚШҰ, ертең басқасы - мұның бәрі елдерге ықпал етуге мүмкіндік береді. Сіздердің елдеріңіз қазіргі таңда Кремльдегі және Ресейдегі саясатқа әсер ете алмайды. Ресей сіздердің елдеріңізге қарағанда экономикалық тұрғыда да, әскери тұрғыда да үлкен. Осылайша сіздердің тәуелсіздіктеріңізді шектеуге үлкен мүмкіндік туады. Сондықтан Ресеймен ел көшбасшылары баланс сақтау үшін байланыста болады. Олар қорқады. Олар Путиннен қорқады", - дейді Зеленский. 

Зеленский Путиннің адам өміріне, олардың қай тілде сөйлейтініне түкіргені барын айтады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар