Партияның қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, жаңа депутаттық Фракция алдында "Алматы - 2050" стратегиясы негізінде әзірленген сайлауалды бағдарлама мен сайлаушылардың аманаттарының орындалуын жүйелі түрде қадағалау міндеті тұр.
Ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі 31%-ды, жастардың үлесі - 24%-ды құрады. Депутаттардың орташа жасы - 43 жас (бұрын, VI шақырылымдағылардың орташа жасы 48 жас болатын), депутаттар құрамы 5 жасқа жасарды.
"Nur Otan" партиясы Алматы қалалық филиалынан сайланған депутаттар тізімі:
1. Ақанова Әсия Айқанқызы – Алмалы аудандық белсенді ұзақ өмір орталығының және "Күміс ғасыр" ҚҚ-ның директоры
2. Авершин Константин Викторович – "Я - алматинец" қоғамдық қозғалысының жетекшісі
3. Әбдімәлік Жансая Даниярқызы – Қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер
4. Әділханов Мұрат Әділханұлы - "Көктем групп ЛТД" ЖШС-нің басқарма төрағасы
5. Байтасов Арманжан Мерекеұлы - "Tanmedia Group" директорлар Кеңесінің төрағасы
6. Бекенова Гүлжан Мырзалықызы - " №169 мектеп- лицейдің" директоры
7. Білісбеков Асқар Ерғалиұлы - "Алматы ӘКҚ" АҚ-ның басқарма төрағасы
8. Бөлекбаева Райхан Чантқызы – Д. Қонаев атындағы коледж директоры
9. Грачев Михаил Владимирович - "ДСУ-13"АҚ-ның директоры
10. Есматов Серік Аманжолұлы – Параолимпиадашы, волейболдан Қазақстанның жастар құрама командасының экс-капитаны
11. Жүдебаев Арман Әділханұлы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры
12. Зулеев Мұхтар Махамбетұлы - "Good food KZ" ЖШС-нің директоры
13. Ибрагимова Ляззат Еркенқызы - "Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің" АҚ-ының басқарма төрайымы
14. Ибраимов Ермахан Сағиұлы – бокстан Олимпиада чемпионы, "Бокстан олимпиадаға даярлау орталығы" РМКК-ның директоры
15. Канкуров Станислав Владимирович - "Nur Otan" партиясы Алматы ҚФ төрағасының бірінші орынбасары
16. Қасымов Ерболат Болатұлы - "Айсултан" холдингтік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы
17. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы - Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы, "Ақпараттық –ресурстық орталық" ҚҚ-ның директоры
18. Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы – "қалалық кардиологиялық орталық" ШЖҚ МКК-ның бас дәрігері, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы
19. Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы - "Q3 Worldwide" инвестициялық холдингтің бас директоры
20. Құрманбек Әсел - "Green Works" ЖШС-нің құрылтайшысы
21. Нәбиев Әміржан Әміржанұлы - "Атрикс-Строй" ЖШС-нің директоры
22. Садықов Болат Нұрмырзаұлы - "№5 қалалық клиникалық аурухана" МҚК-ның бас дәрігері
23. Сәрсенбай Қали Қошқарұлы - "Алматы ақшамы" газетінің бас редакторы
24. Талбидинов Есенгелді Закірханұлы - "Жол- Транссервис 2006" бас директоры
25. Тау Нұрымбек - "Daco motors KZ" ЖШС-нің директоры
26. Өмірбаева Зауреш Әбілғожанқызы – Кәсіподақтардың Алматы қаласы бойынша "Кәсіподақ орталығы" Аумақтық бірлестігінің төрайымы
27. Финогенов Максим Владимирович - "DWS group" компаниясының директоры
28. Шардинов Шухрат Ахметжанұлы - "АЗМК" ЖШС-нің бас директоры
29. Шимашева Рахат Сейдахметқызы - Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы.