1815 жылы наурыз айында Антанта әскерлері Дарданел бұғазы арқылы өтпек болған жолда үлкен тойтарысқа тап болғанын тарихтан білеміз. Шайқасқа қатысқан 250 мың түрік әскері отан қорғау жолында жанын пида етті.
Түрік әскерлерінің кескілескен шайқастағы ерлігі халықтың рухын көтерді. Бұған мысал ретінде аты аңызға айналған Сейіт онбасын атап өтуге болады.
Қатардағы жауынгер онбасы Сейіт Румели Меджидие фортындағы артиллерияда қызмет ететін. Ұрыс кезінде снаряд ататын тетік бұзылып қалғанда, Сейіт жалғыз өзі 215 келі снарядты көтеріп ату алаңына әкеліп орналастырады. Қазақ ақын Құрал Көмек дәл осы сардар ұлдың қаһармандығын «Сенім жеңісі» деп аталатын поэмасында былай жырлаған:
«Қалсадағы
Сиреп сарбаз қатары,
Жүректерде
Жанып жатты от әлі.
Шегінбеді, берілмеді ешкім де,
Олар үшін жалғыз тірек Отаны.
Осындайда
Тағдыр сынар алыпты,
Жеңе алмас
Дұшпан қайсар халықты.
Мұқалмастан, мұңаймастан Сейіт тұр,
Зеңбіректің жалғыз оғы қалыпты.
Жалғыз Алла
Жар болды да қолдады,
Отан үшін
Бойда қуат толғаны.
Еңкейді де
Ерен күшпен көтерді,
215 келі бомбаны».
Биылғы жыл 18 наурызда Чанаккале жеңісіне 102 жыл толады. Осы орайда Түркияның Қазақстандағы елшілігі мен Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы бірлесе отырып, «Хан Шатыр» ОСО-да «Чанаккале жеңісі» атты фото-көрме ұйымдастырады. Көрмеге қойылатын соғыс кезінде түсірілген тарихқа куә фотолар Түркияның Бас командованиесінің архивінен алынған. Көрменің ашылу рәсімі 17 наурыз күні сағат 15.00-те өтеді.
Ашылу рәсімінен бұрын Юнус Эмре түрік мәдениет орталығында ашылған «Юнус Эмре» хоры жеңістің құрметіне арнап, «Йемен түркісі», шайқасқа қатысқан 15 жасар көкөрімдер туралы «15 жасар бозбала» және «Чанаккале түркісі» деп аталатын шығармаларды орындайды.
«ҚмД» ақпарат