Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ерлан Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындалды.
Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев 1966 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келген. 1990 жылы «экономика» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған, біліктілігі экономист. 1993 жылы Миннесота штатының Университетін бітірді, АҚШ-тың Миннеаполис қаласында Қолданбалы экономика департаментінің ғылым магистрі ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 1990 жылы Сыртқы істер министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшысы лауазымынан бастаған. Дүниежүзілік банкінің ауыл шаруашылығы департаментінің ахуалын талдау жөніндегі ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің кураторы болған (АҚШ, Вашингтон қ.). 2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Жаңа технологиялар. Қазақстан» АҚ-ы Директорлар кеңесінің төрағасы болды, бас директордың лауазымын атқарған. 2012-2013 жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарған. 2014 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды. 2014 жылдың тамыз айында ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары болған.
"ҚмД" ақпарат