Ерлан Қарин: "Демократия қағидалары туралы сөзде әр қоғамның өзіндік ұлттық бірегейлігі мен ерекшелігі ескерілуі тиіс"

Қаракөз Амантай 22 шіл. 2024 17:18 2242

Белгілі журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында демократия нормалары туралы сұраққа жауап берген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әрбір мемлекеттің өзіндік даму жолы бар екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Әр елдің өзіне тән даму жолы болатыны заңдылық. Біз өзіміздің ұстанып отырған жолымыз, қалыптасқан салтымыз бар елміз. Біздің қоғамға тән өзіндік құндылықтар, салт-дәстүр, ұлттық менталитет. Демократия желеуімен, жалпы қоғамның наразылығын тудыратын, дінаралық, ұлтаралық араздықты қоздыратын әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Алайда бұл демократияның қағидаттарын орындаудан бас тартамыз дегенді білдірмейді. Біз оны ары қарай дамыта береміз", - деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші. 

Егер сөз бостандығы желеуімен қоғамның ішіне іріткі салып, заң талаптарын бұзбай, әдеп деңгейінде айтылса ешкімнің де себепсіз жауапқа тартылмайтынын айтқан Е.Қарин бүгінде жүргізіліп жатқан ішкі саясаттың негізгі мақсаты – ұлттық бірлік пен қоғамдық тұрақтылықты сақтау, қорғау, дамыту, осы арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыру екенін жеткізді. 

"Демократия жолында көптеген оң шешімдер қабылданды, азаматтардың билікке ықпал ету мүмкіндігі кеңейді. Бүгінде елдімізде сауатты плюрализм,  пікір алуандығы нақты орныққанын, оның көрінісін әлеуметтік желілерден де, түрлі деңгейдегі саяси дискуссиялардан байқауға болады",- деп түйіндеді Е.Қарин.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар