Ерлан Нығматулинге тиесілі зауытта төтенше жағдай болды

Көркем Алдабергенова 20 шіл. 2024 12:48 5096

20 шілдеде, таңғы сағат 04:10-да ydd Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. Оқыста №1 пештен жалын шығып, салдарынан  кәсіпорынның 8 қызметкері түрлі дәрежедегі жарақат алды, деп хабарлайды Dalanews.kz YDD корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеп.

Компания сенбі күні, 20 шілденің таңында зардап шеккен барлық қызметкерлердің ауруханада жатқанын, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілетінін айтты.

"Компания зардап шеккендерге барлық көмек көрсетеді және аурухананың медициналық қызметкерлерімен үнемі байланыста болады", -  деп сендірді YDD.

YDD Corporation ферроқорытпа зауыты Қарағандыда орналасқан. Жылына шамамен 240 мың тонна ферросилиций өндіреді. "YDD Corporation" ЖШС құрылтайшысы компанияның тең иесі Ерлан Нығматулин болды. 2021 жылы Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің рейтингіне кірді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар