Ердоған Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 03 нау. 2026 09:23

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Иран төңірегіндегі шиеленістің ушығуына қатысты пікір білдіріп, Анкара атысты тоқтату үшін дипломатиялық қадамдарды күшейтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол Түркияның иран халқымен бірге уайымдап отырғанын жеткізіп, қақтығыстың бейбіт тұрғындар мен балаларға әсері ерекше алаңдататынын атап өтті.

Ердоғанның сөзінше, Түркия өңірде бітім орнап, жағдай тұрақталғанша дипломатиялық бағыттағы әрекетін жалғастыра береді. Анкара қантөгістің тоқтап, Таяу Шығыста ұзақ мерзімді бейбітшілік орнауын қолдайды.

Сондай-ақ түрік көшбасшысы жағдай дер кезінде тоқтатылмаса, оның салдары өңірден асып, әлемге әсер етуі мүмкін екенін ескертті. Оның сөзінше, бұл қақтығыс қауіпсіздікке ғана емес, жаһандық экономика мен әлемдік тұрақтылыққа да қатер төндіреді.

"Сондықтан өрттің өршуіне жол бермей, оны дер кезінде ауыздықтау қажет", - деді Ердоған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove