Эпидемиолог дәрігер: «Вакцина өзімізді және ата-анамызды індеттен қорғайды»

Dalanews 15 шіл. 2021 05:47 809

Алматының Фтизиопульмонология орталығының эпидемиолог дәрігері Гауһар Нағашыбекқызы КВИ және қауіпті індетпен соң оңалу мәселелеріне қатысты туралы өзекті сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Гауһар Нағашыбекқызының айтуынша, оның 65 пен 68 жас аралығындағы ата-анасы өздерін қауіпті аурудан қорғау үшін КВИ-ге қарсы екпені өз еріктерімен әрі саналы түрде алғанын айтты. Ал дәрігердің өзі жұмыс істейтін Фтизиопульмонология орталығы ұжымының 90% екпе алған.

– Менің отбасым, достарым, таныстарым да вакцина алды. КВИ-ге қарсы екпе алу менің саналы таңдауым. Мен өзімді ғана емес, айналамдағы барлық адамдарды, жақындарымның  қауіпсіздігіне қуаныштымын, – деді Г. Нағашыбекқызы.

Ол барша қала тұрғындарына, соның ішінде КВИ-мен ауырған адамдарға да қайтадан дерт жұқтыру қаупінің жоғары екенін айтты.

Сондай-ақ профилактикалық шараларды елемеуге болмайтынын тілге тиек етті. Г. Нағашыбекқызының айтуынша, өзіңізді коронавирус инфекциясын жұқтырудан қорғау үшін бәріне белгілі шараларды сақтау қажет: адам көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға бармау; әлеуметтік қашықтықты (кемінде бір метр) сақтау, әсіресе респираторлық инфекцияның белгілері болса; қорғаныс бетпердесін тағу және уақытылы ауыстырып отыру; қоғамдық көлікте сирек қатынау және бөлмені мүмкіндігінше жиі желдету. Сондай-ақ қолды спирті бар өніммен таза ұстау немесе сабынмен жуу қажет. Мысалы, қоғамдық орындарға барғанда есік тұтқалары мен крандар және телефон дисплейлерін ұстағанда санитарлық ережені сақтау қажет.

– Өз денсаулығыңызды нығайтып, иммунитетті көтеру үшін қарапайым табиғи ережелерді орындау жеткілікті: дұрыс тамақтану, уақтылы ұйықтау, позитивті психологиялық көзқарас қажет. Сонымен қатар таза ауада серуендеу керек. Сондай-ақ физикалық белсенділікпен айналысу керек. Осы қарапайым шаралар иммунитеттің күшті болуына әрі кез келген инфекциямен күресуге дайын болады, – деді эпидемиолог.

Сондай-ақ Г. Нағашыбекқызы коронавирус жұқтырғаннан кейін ағзаны қалпына келтіру бойынша өзінің кәсіби ұсыныстарын айтты. Оның айтуынша, аурудың таралуы, адамның қалай тамақтанатынына, иммунитетіне, белсенді немесе пассивті өмір салтына байланысты. COVID-19 дертімен ауырған және посткоидті белгілері бар әрбір науқасқа дәрігердің белгілі бір ұсыныстары беріледі. Коронавирусты қалпына келтіру жеке жүреді. Бірақ бәріне иммунитетті нығайту, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік сияқты шаралар ескертіледі.

Алматыда инфекционист дәрігер халықты COVID-19 дертіне қарсы вакциналау қажеттілігі туралы, ақпараттандыру бойынша  белсенді жұмыс жүргізілгенін айтты.

– Біздің қалада вакцина пункті барлық жерде бар және ол қолжетімді. Адам көп жиналмас үшін емханалар мен СОСО-да уақытша мобильді пункттер ашылды. Сондай-ақ қосымша арқылы вакцина рәсімінің күні мен уақытын белгілеуге болады. Екпе кабинеті мен пункттерінде аймаққа бөлу үшін әлеуметтік қашықтық талаптары сақталады. Әрбір науқас міндетті тексеруден және дәрігердің рұқсатынан кейін вакцина алады. Вакцинадан кейін әр науқас 30 минут дәрігердің бақылауында болады. Кейін оның денсаулық жағдайы бекітілген емхананың бақылауына өтеді, – деді Г. Нағашыбекқызы.

Дәрігердің айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қауіпсіздіктің белгісі. Егер адам вакцина алса, онда ол аурудан қорғалып қана қоймайды, сонымен қатар басқа адамдарға жұқтырмауға көмектеседі. Г. Нағашыбекқызы вакцинаның тиімді нұсқаларын айтты. Соның ішінде жаңа «дельта» штамына қатысты вакцина ауру мен өлімнің ауыр түрлерінен қорғайды. Бұл жағдайда препараттың екі дозасын да алу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшеріне байланысты қорғаныс әсерін береді, екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді әрі нығайтады.

– КВИ вакцинасы – бұл жаңа ауруға қарсы дәрі. Бұл вирусты зерттегенімізге бір жарым жыл өтті. Сондай-ақ, вакциналар қысқа мерзімде жасалды. Бұл әлем бойынша коронавирустың таралуын төмендететін құрал. Ақпан айында жаппай вакцина басталған кезде медицина қызметкерлері вакцинаға алаңдаушылық білдірді. Кейіннен көп елдерде жанама әсер болмағанын көрді. Қазір адамдардың сенімі пайда болды. Таныстар, туыстар, көршілер вакцинаның қайсысы жақсы деп сұрайды. Ал вакцинадан қорқатын қала тұрғындары түрлі қауесеттер мен жалған ақпараттарға сенеді. Сондықтан біз қызметкерлер мен науқастарға вакцина туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Сонда ғана адам тиісті шешім қабылдай алады. Бүгінде вакцина жайлы күрделі мәселе жоқ, халықты қамту процесі қарқынды жүріп жатыр, – деді Г. Нағашыбекқызы.

Сөз соңында дәрігер қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда демалудан бас тартуға шақырды. Коронавирус дертін жұқтырмас үшін санитарлық қауіпсіздік шараларын, соның ішінде бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұсынды. Сон-ақ коронавирусты қорғаудың жалғыз әрі  сенімді әдісі вакцина екенін тағы да ескертті.

2021 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша Алматыда коронавирустық инфекцияның 640 жағдайы тіркелген (жергілікті), оның ішінде 574 жағдай симптомсыз және 66 жағдай симптомды. Барлығы инфекциялық стационарларда (5 200 төсек) 1 947 адам (168 бала) физикалық түрде жатыр.

2021 жылдың 1 ақпаны мен 13 шілдесі аралығында Алматыда I компонентпен 615 661 адам вакцина алды. Өткен тәулікте 15 257 адам екпе алды. 60 жастан жоғары вакцина алған адам саны 91 263 адамды құрайды.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 212 вакцина пункттері жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 260 адам жұмылдырылған 308 екпе бригадасы қызмет атқарады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар