Еуропалық Одақ 2025 жылғы әлемдегі адам құқықтары мен демократия жағдайы туралы жыл сайынғы есебін жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
ЕО есебінде 2025 жыл қақтығыстардың сақталуы мен олардың алуан түрлілігі, сондай-ақ халықаралық тәртіптегі ауқымды өзгерістермен сипатталғаны айтылған.
Қазақстандағы адам құқықтары мен демократия жағдайына Қазақстан халықаралық адам құқықтары бюросы да назар аударды.
Бюроның бағалауынша, 2025 жылы Қазақстандағы жағдай біркелкі болмаған. Мәлімделген саяси және институционалдық реформалармен қатар азаматтық кеңістіктегі бірқатар құрылымдық шектеулер де сақталған.
«Елде азаматтық кеңістіктің айтарлықтай тарылуы байқалды. Реттеушілік, әкімшілік және заңнамалық шаралар азаматтық қоғам ұйымдарына, тәуелсіз БАҚ-қа, саяси белсенділерге және азшылық өкілдеріне әсер етті», - деп хабарлайды Қазақстан халықаралық адам құқықтары бюросы.
Бюроның мәліметінше, үкіметтік емес ұйымдарға бақылаудың күшеюі, журналистерге қысымның артуы, бейбіт жиналыстар өткізуге қатысты шектеулердің сақталуы және сөз бостандығы саласында кең түсіндіруге мүмкіндік беретін заңнаманың қабылдануы құқықтық белгісіздік пен өзін өзі цензуралаудың күшеюіне ықпал еткен.
Сонымен бірге есепте Қазақстандағы бірқатар оң өзгеріс те атап өтіледі. Олардың қатарында сот реформасы және гендерлік зорлық зомбылықтан қорғауды күшейтуге бағытталған заңнамалық шаралардың жүзеге асырылуы бар.